Қостанай облысында синтетикалық есірткі сатушылар тобының қызметі тоқтатылды

Тергеу жұмыстарының барысында төрт күдікті ұсталды. 

Қостанай облысында синтетикалық есірткі сатушылар тобының қызметі тоқтатылды Фото: polisia.kz

Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер есірткіні Қостанай облысында таратқан. Бұл  туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта, төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық істің қатысушылары аймақ аумағында “синтетиканы” таратумен айналысқан.

Полицейлер 300-ден 500 граммға дейінгі есірткі партиясын алған жас ерлі-зайыптылар, үйлерінде zip пакеттерге шағын дозаларға салып, одан әрі “қойып кету” арқылы таратқандығы анықтады. Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған.

Жалпы, қара нарықта синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңгені құрайды.  

"Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыскерлердің айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды", – деп түсіндірді Қостанай облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Сондай-ақ, Қостанай облысының Полиция департаменті өткен жылы заңсыз айналымнан 430 келі есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу