Қостанай облысында су құбыры желілерін жөндеуге 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

171

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қостанай облысында су құбыры желілерін жөндеуге 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді Фото: Новости Караганды

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді.

Бүгінде Тобыл қаласында халықтың 87,9%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қалада ұзындығы 100 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа Қордан 1,4 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ Арқалық қаласына су құбырын тартуға 872 млн теңге бөлінді. Жоба 13 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, 2025 жылдың соңына дейін сумен қамту деңгейін 96,5%-дан 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар  Қарабалық, Денисов, Қостанай, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары ауылдарында, сондай-ақ Арқалық қаласындағы Жастар ауылында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда орталықтандырылған суға қолжетімділік Қостанай қаласында 99%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 90,3%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу