Келер жылғы "Су тасқыны қаупінің алдын алу және оларды жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені" жол картасының тармақтарын орындау шенберінде Қостанай облысында жергілікті атқарушы органдармен және мекемелерімен бірнеше іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz.
Осылай, Қостанай қаласының "Әуежай" мөлтек ауданында арақашықтығы 250 метр темірбетонан жасалған жергілікті су бұру жүйесінің құрылыс жұмыстары басталды. Участкенің жоспары әзірленді. Жұмыстар "ТеплоЭнергоСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымымен орындалып отыр. 8098,8 мың теңге соммадағы нысан ағымдағы жылдың 1 қарашасына аяқтау жоспарлануда.
Әулиекөл ауданының Көктал ауданы жергілікті ауыл шаруашылық құрылымдардың қаражатын тарту есебімен "Теректі" өзенінде бөгетті жергілікті нығайту орындалды, бұл су тасқыны кезеңінде елді мекенді су басуыны жол бермейді.
Сонымен қатар, жергілікті ауыл шаруашылық құрылымдарынан қаражат тарту есебімен Қарасу ауданының Қарамырза және Белозер ауылдарында үйінді топырақты салу жұмыстары өткізілген. Алда бөгеттердің құрылысы жоспарланды. Қазіргі уақытта гидротехникалық құрылыстардың құрылысы бойынша бюджеттік өтінім аудан комиссиянын қаралуында.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" Акционерлық қоғамымен Екатеринбург-Алматы республикалық маңызы бар автожолының 653 мен 693 киллометрлерінде су өткізетің құбырларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Су өткізетін қосымша құбырларды монтаждау жұсыстары ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. Бүгінгі күні аталған автожолдың 687 киллометрінде қосымша су өткізетін құбырын орнату жұмыстары аяқталған.
Жол картасының тармақтарын орындауда, жаңасын салу және бар гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, іс-шараларды жүзеге асыруға қосымша қаражатарды тарту бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр.