Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен мал иелеріне алғашқы төлемдер басталды

213

Жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккен мал иелеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. 

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен мал иелеріне алғашқы төлемдер басталды Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақтарда шығынды, оның ішінде малға келтірілген шығынды бағалау үшін арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамына аудандық ветеринария қызметінің мамандары енгізілген, олар оқиға орындарына барып, өлген малдың санын анықтап, мал өлекселерін зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды атқарады, деп жазады inbusiness.kz сайты облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Комиссиялар сонымен қатар мал иелеріне шығынды өтеу туралы өтініш беру үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі.

14 сәуірдегі жағдай бойынша 938 бас малға өтінім берілді. Мысалы, Амангелді ауданында 43 ірі қара малға, 354 ұсақ малға және 5 жылқыға 6 өтінім келіп түсті. Жангелдин ауданында 4 ірі қара малға, 10 ұсақ малға және 1 жылқыға 3 өтінім берілді. Арқалықта 60 ірі қара малға, 445 ұсақ малға және 16 жылқыға 11 өтінім келіп түсті.

Айта кетейік, Қызылжұлдыз ауылында 3 өтінім бойынша 11 ірі қара мал, 200 ұсақ мал үшін 13 миллион 729 мың теңге төленген.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен мал иелеріне төлемдер жалғасуда.

Жергілікті органдар мал иелері мен шаруа қожалықтарын өлген мал үшін төлемдер мен өтемақылар алу үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу