Қостанай облысында тағы бір ірі елдімекенге табиғи газ келді

802

Қостанай облысында тағы бір ірі елдімекенге табиғи газ келді

Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ "Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту" инвестициялық жобасы аясында Октябрь кентінде жеткізуші газ құбыры мен көшеаралық газ құбырларының құрылысын аяқтады, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов қатысты.   

Октябрь кентін газдандыру барысында 3,5 км жеткізуші және 36 км көшеаралық салынды. Елді мекенде 4 000 астам адам тұрады. 35 көпқабатты және 700 жеке тұрғын үй газға қосылуға әзір. Сонымен қатар 36 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысанды газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

"Жыл бойына облысымызда өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына айтарлықтай ықпал жасаған шаралар қолданылды. Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол құрылысы салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру,  шағын және орта бизнесті қолдау жаңа серпін алды.  Осындай ауқымды шешімдердің бірі Ұлттық операторы "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамымен және "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамы ұлттық компаниясымен біздің облысымыздың елді мекендерін газдандыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды", – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

 "Былтыр облыс әкімдігімен арада жасалған меморандумға сәйкес биыл Қашар ауылына газ бердік. Бұл жұмыстар биыл ғана басталды. Жоба бойынша бүкіл облыс газдандырылады. Газ саласы қызметкерлерінің еңбегі бүкіл еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған", – деді  "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу