Қостанай облысында Telegram арқылы діни алауыздықты қоздырған тұрғын ұсталды

163

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қостанай облысында Telegram арқылы діни алауыздықты қоздырған тұрғын ұсталды Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында әлеуметтік желіде радикалды мазмұндағы материалдар таратқан 42 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері және облыс прокуратурасы бірлесіп жүргізген жедел іс-шара барысында Бейімбет Майлин ауданының тұрғыны ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті "Telegram" қосымшасы арқылы арандатушылық сипаттағы материалдарды таратқан.

"Ол төзімділік пен өзара құрмет қағидаттарына қайшы келетін радикалды көзқарастарды ұстанған. Жиналған материалдар мен дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, ер адамға қатысты "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп жазылған Қостанай облысының ПД хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу