Асыққан жүргізуші апатқа ұшырады

620

Қостанай облысында темір жол бойында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеген.

Асыққан жүргізуші апатқа ұшырады

Куәгерлердің айтуынша, "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі күтіп тұрған өзге көліктерді айналып өтіп, келе жатқан жүк пойызын елемей, темір жолға шыққан. Апат салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 11 шілдеде 14 сағат 35 минутта Қостанай облысының Тобыл-Құсмұрын учаскесіндегі Притобольская станциясының реттелетін теміржол өткелінде жол көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды. Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде. Пойыз сағатына 57 км жылдамдықпен жүріп келе жатқан", – деп жазылған хабарламада. 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да оқиғаның себебін, мән-жайын тексеру үшін комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу