Қостанай облысында Тімтуір өзені арнасынан асып кетті

701

30-дан аса тұрғын алдын ала эвакуацияланды.

Қостанай облысында Тімтуір өзені арнасынан асып кетті Фото: Хабар24

Қостанай облысында қардың қатты еруі мен еріген судың келуі салдарынан Тімтуір өзені арнасынан асып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйге кірген еріген  қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.

"Жедел жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелерінен 15 бірлік техника және 30 адам жұмылдырылды", делінген Қостанай облысы ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, өзенде судың көтерілуі байқалмайды, тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу