Қостанай облысында Тобыл вокзалы жаңартылды

300

Нысан 1943 жылы салынған.  

Қостанай облысында Тобыл вокзалы жаңартылды Фото: gov.kz

Қостанай облысында Тобыл станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталды.

Тобыл станциясының теміржол вокзалы 1943 жылы салынған. Реконструкция аясында ғимарат пен оған іргелес аумаққа кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жалпы ауданы 435,92 шаршы метр болатын нысанда шатыр, ішкі және сыртқы әрлеу, су, жылу, кәріз және электр желілері жаңартылды.

Сонымен қатар перрон жөнделіп, аумақ абаттандырылды. Вокзалға жаңа жиһаздар мен қажетті жабдықтар орнатылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өртке қарсы жүйелер жаңартылды.

Тобыл вокзалы 3-санатты нысанға жатады. Мұнда тәулігіне орта есеппен 370 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Станция арқылы еліміздің бірқатар қалаларын байланыстыратын 26 жолаушылар пойызы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу