Қостанай облысында түнгі клубта адам өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

201

Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қостанай облысында түнгі клубта адам өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты Фото: видео скриншот

Қостанай облысында Лисаков қаласындағы түнгі клубтардың бірінде төбелесіп, абайсызда адам өлтірген күдіктіге сот үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дәмханада сотталушы Ш. масаң күйде жәбірленуші П.-мен жанжалдасып, өзара дау кезінде екі қолымен белінен ұстап, еденге лақтырған. Оның бұл әрекеті адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру деп бағаланды.

“Сотталушы марқұмның бетінен бес рет соқты. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленуші П. ауыр дене жарақаттарын алып, кейін "Лисаков қалалық ауруханасы" КМК реанимация бөлімшесінде қайтыс болды”, – деп мәлімдеді Қостанай облысытық соты. 

Сотта азамат Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Күдіктіге қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша айып тағылды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. 

Мемлекетті айыптаушы айыпталушыны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жәбірленуші тарап бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

“Айыпталушы 8 жылға сотталды. Ол жазасын орташа тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу