Қостанай облысында туысын өлтірген ер адам ұсталды

458

Күдікті қылмыс орнында ұсталды.

Қостанай облысында туысын өлтірген ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

18 ақпан күні Қостанай облысында 40 жасар ер адам қайтыс болды. Полиция қызметкерлері оның өліміне өз туысы себепкер болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"18 ақпан күні таңғы сағат 05:00 шамасында аудандық ауруханаға бас жарақатын алған 40 жастағы ер адам жеткізілді. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды", делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, оқиға болған күні жәбірленушінің үйіне 23 жастағы алыс туысы келген. Кенет олардың арасында жанжал туындап, 40 жастағы ер адам ауруханаға түскен.

Күдікті қылмыс орнында ұсталды. Құзырлы органдар ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу