Қостанай облысында ауылдардың бірінде жазатайым оқиға болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Учаскелік полиция инспекторы Дархан Турғановтың жедел әрекетінің арқасында оған дер кезінде көмек көрсетілді. Ер адам шұғыл түрде Арқалық өңірлік ауруханасына жеткізілді.
Ауыл тұрғынының айтуынша, дәл полицейдің жеделдігі мен кәсібилігі шешуші рөл атқарған.
Айта кетейік, Дархан Турғанов – ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген антына адал сақшылардың бірі. Оның батылдығы мен кәсібилігі бұған дейін де жоғары бағаланған: 2024 жылы боран кезінде азаматтарды құтқарып қалғаны үшін Президент Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.