Қостанай облысында үйі өртенген тұрғындардың жиһазы мен мүлкін өтеп береміз – Президент

742

Қостанай облысында үйі өртенген тұрғындарға жиһазы мен мүлкі өтеп беріледі. Төтенше жағдай ошағындағы еріктілермен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылайдеп мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысында үйі өртенген тұрғындардың жиһазы мен мүлкін өтеп береміз – Президент

"Еріктілерімізге көп рахмет айтамын. Үлкен жұмыс тындырып жатырсыздар, қаншама азық-түлік жинағансыздар?! Бізге шамамен 2,5 ай керек. Әр зардап шеккен – баспанасыз қалған адам жаңа үй алады. Оның көлемі 100 шаршы метр болады. Ал үйдің ішіндегі дүние-мүлік – жиһаз, теледидар, ыдыс-аяқ сияқты дүниелер де мемлекет есебінен, материалдық-қаржылай көмек беруге мүмкіндігі бар адамдардың жәрдемімен өтеледі", – деген Президент еріктілердің еңбегіне шексіз риза екенін жеткізді.

"Әрине, еріктілерге көп-көп рахмет айтамын. Сіздер еліміздің нағыз азаматысыздар, патриотсыздар. Мен сіздерді мақтан етемін!", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу