Қостанай облысында үшем дүниеге келді

107

Бұл облыста соңғы үш жылда алғаш рет дүниеге келген үшем.    

Қостанай облысында үшем дүниеге келді Фото: inform.kz

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа туған нәрестелердің анасы 31 жаста, жүктілік табиғи түрде болған. Қостанай ауданының Шарапиевтер шаңырағы үш ұл тәрбиелеп отыр, енді отбасында бірден үш қыз дүниеге келді.

Екі қыздың салмағы – 2600 грамм, үшіншісі 2300 грамм болды. Барлық жаңа туған нәрестелердің бойы 49 сантиметр.

Облыстық аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу