Қостанай облысында заңсыз әрекетке барған аудан әкімі қызметінен кетті

1049

Қостанай облысында заңсыз әрекетке барған  аудан әкімі қызметінен кетті

Жангелді ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин жұмыстан кетуге өтініш білдіріп, оның өтініші қанағаттандырылды. Отставкаға кетуіне оны ірі көлемде бөтен мүлікті иеленіп, оны жұмсауға қатысты айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту себеп болды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Облыс прокуратурасы қылмыстық іс 6 ақпанда сотқа берілгенін растады.  Бұдан бұрын хабарланғандай, Кенжеғарин зейнеткер Мұхтар Омархановтың өтініші бойынша жауапкершілікке тартылған. Ол Алтынсарин ауданы Малая Чураковка кентіндегі Омархановқа тиесілі үйді заңсыз жекешелендіріп, оны 3 млн теңгеге "Дипломмен ауылға"  бағдарламасы бойынша балдызына сатқан.

Кенжеғарин Алтынсарин  ауданында ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған. Аудандық мәслихаттың хатшысы болды. 2012 жылы Жанкелді ауданы әкімі лауазымына ауысқан. Үйді өз атына аударуды депутат лауазымында болған кезде жүзеге асырған.

Агенттікке берген сұхбатында Омарханов шенеуніктің әрекетін алаяқтық деп санайтынын жеткізді. "Сот оған және осы заңсыздыққа жол беруге көмектескендерге әділ шешімін шығарады деп үміттенемін", – деді Омарханов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу