Қостанай облысында заңсыз су алған кәсіпорынға айыппұл салынды

187

Заң бұзған кәсіпорын 671 100 теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Қостанай облысында заңсыз су алған кәсіпорынға айыппұл салынды Фото: gov.kz

Судың "қара нарығына" қарсы іс-шаралар аясында Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының мамандары арнайы су пайдалану рұқсаттарына талдау жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, талдау нәтижесінде жаңа Су кодексінің 53-бабында көрсетілген қадағалау өкілеттігіне сәйкес жүргізілген тексеру барысында Қостанай облысы Рудный қаласындағы бір кәсіпорынның ұңғымадан арнайы рұқсатсыз су алып келгені анықталды.

Кәсіпорынға заң бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 141-бабының 2-бөлімі, яғни "Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу" бабы бойынша 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл Тобыл–Торғай бассейн инспекциясы жыл басынан бері салған ең ірі айыппұл. 2025 жылы инспекция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабын бұзу бойынша бес деректі тіркеді. Осы заңбұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2 339 540 теңге айыппұл салынды. Барлық заң бұзушыға арнайы су пайдалану рұқсатын алу жөнінде нұсқама беріліп, тиісті ұсыныстар жасалды.

– Жаңа Су кодексіне енгізілген қадағалау өкілеттіктері бассейн инспекцияларына азаматтардың өтініштеріне, су заңнамасын бұзу туралы мәліметтерге және мониторинг нәтижелеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Инспекторлар оқиға орнына дереу барып, заңбұзушылық расталған жағдайда әкімшілік айыппұл сала алады. Бұл заңсыз су алуға және судың "қара нарығына" қарсы тиімді күрес жүргізуге жол ашады, – деді Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының басшысы Алмат Абжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу