Қостанай облысында зейнеткер 21 млн теңге несие алып, алаяқтарға жіберген

393

Бүгінгі таңда жәбірленуші несиелері бойынша ай сайын 350 мың теңге төлеуге мәжбүр. 

Қостанай облысында зейнеткер 21 млн теңге несие алып, алаяқтарға жіберген Фото: NUR.KZ

Қостанай облысының зейнеткері алаяқтардың арбауына түсіп, 21 млн теңге несие алған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қостанай облысында зейнеткер телефон арқылы сөйлесу барысында "WhatsApp қоңырауы" арқылы ақша салуды ұсынған шетелдік алаяқтардың алдауына түсіп, 2 банкте және бір микрокредиттік ұйымда жалпы сомасы 21 млн теңгеге онлайн тұтыну кредитін ресімдеп, кейіннен алаяқтарға аударды. Полицияға тек екі аптадан кейін жүгінген. Ол кезде ақша шетелге "дропер" арқылы шығарылған", - деді Игорь Лепеха Мәжілісте өткен Парламенттің тыңдауда.

Ол алаяқтардың жеке басы анықталғанын, оларға процессуалдық баға берілгенін атап өтті.

"Жәбірленушінің ай сайын алатын зейнетақысы – 150 мың теңге, ал кредиттер бойынша төлемі 350 мың теңгені құрайды", - деп атап өтті ІІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу