Қаржы мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды.
Жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыскерлердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында жалған ақша табылған.
Заң бұзушылар құрықталды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу