Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған валюта жасаушыларды ұстады, деп хабарлайды alau.kz.
Қылмыс шұғыл әзірлеу нәтижесінде ашылған. Күдіктілерді ұстаған кезде олардан 223 000 Ресей рублі, сондай-ақ 8 000 000 теңге алынды. Сонымен қатар қылмыстық топ 19 500 жалған еуроның айналымға шығарып үлгерген.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 231 (2)-бабы "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" және ҚР ҚК-ның 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу материалы тіркелген. Сот ұсталғандарға қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды департамент баспасөз қызметі. Күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысты тексеріліп жатыр.