Қостанай облысында жас босанған ана көз жұмды

865

Қазір тәуелсіз сарапшылар тартылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Бір жарым аптадан кейін тексеру аяқталады.

Қостанай облысында жас босанған ана көз жұмды

Қостанай облысында босанған әйел дәрігердің кесірінен көз жұмды. Бұл факті туралы денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген коллегиясы барысында айтылды. Қайғылы оқиға Жангелді ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетовтің айтуынша, оқиға орталық аудандық ауруханада болған.

"Қазір тәуелсіз сарапшылар тартылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Бір жарым аптадан кейін тексеру аяқталады. Сарапшылар барлық құжаттарды қарап шықты. Біз қазір олардың қорытындысын күтіп отырмыз. Медицина қызметкерінің кінәсі бар", – деді Орал Бекмағамбетов.

Әкім бұл жағдайға бей-жай қарамай, істің мән-жайын анықтауды және кінәлілерді жазалауды тапсырды.

"Жыл басынан бері бірінші рет ана өлімі тіркеліп тұр. Бұл факті бойынша медицина қызметкері жазаланады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, жұмысынан шығарамыз. Тексерудің нәтижесін маған баяндаңыз", – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Орал Бекмағамбетовке.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник бұл оқиғадан кейін Акушерлік ісі, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандары осы ауданның дәрігерлеріне семинар өткізгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу