Қостанай облысында жеке тұрғын үй салуға жер сұрағандардың өтініші орындалмай жатыр

426

62 мың адам жер кезегін күтіп жүр

Қостанай облысында жеке тұрғын үй салуға жер сұрағандардың өтініші орындалмай жатыр Фото: inbusiness.kz

Аймақта жер теліміне 60 мыңнан астам адам кезекте тұр. "Күшті өңірлер  елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасы бойынша жыл сайын 634 жер учаскесіне инженерлік коммуникациялар тартылуы тиіс. Сондай-ақ "Аманат" партиясы сайлауалды бағдарламасында осы көкейтесті мәселені шешуге күш саламыз деп халыққа уәдені үйіп төккен еді. Алайда, өңірдегі 5 қала мен 15 ауданның 4-уі ғана осы тапсырманы орындады.  Жергілікті шенділер қарапайым тұрғындардың өтініштерін ысырып қойған. Қайта құрылыс компанияларына жер учаскелерін таратуда  аса  белсенділік танытып отыр. Биыл өңірде 500 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 300 пәтер салынады.

"Ұлттық жобада қойылған міндеттердің орындалмай қалу қауіпі бар. Өйткені, облыстың көп аудандары бұл бағыт бойынша жұмыс істемейді. Тек, Рудный, Арқалық, Жітіқара, Лисаков қалаларының әкімдігі жеке тұрғын үйлерге жер учаскелерін бөліп, комммуникация жүргізуде. Жерге  кезекте тұрғындардың жартысынан астамы,  яғни 34 741 адам Қостанай қаласына  тиесілі", - дейді Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Динара Ихласова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу