Қостанай облысында Железорудная станциясында жаңа заманауи теміржол вокзалы ашылды

418

Қайта жаңғырту жұмыстары аясында инженерлік коммуникациялар жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. 

Қостанай облысында Железорудная станциясында жаңа заманауи теміржол вокзалы ашылды Фото: Көлік министрлігі

Қостанай облысында Железорудная станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңартылған нысан жолаушылардың қауіпсіздігі, қолжетімділігі және жайлылығы бойынша заманауи талаптарды ескере отырып салынған.

1959 жылы салынған вокзал ғимараты толықтай бұзылып, оның орнына жалпы ауданы 416,1 шаршы метр болатын жаңа бір қабатты жолаушылар кешені бой көтерді. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында инженерлік коммуникациялар жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Заманауи эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, вокзалдың іші қажетті жиһаздармен және жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Жаңартудан кейін вокзал жолаушыларға қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына сай келеді және пойыздарды күту мен оларға отыру үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.

Железорудная станциясының теміржол вокзалы III класқа жатады және тәулігіне орта есеппен 452 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы өңірді Алматы, Шу, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Орал, Астана, Көкшетау қалаларымен, сондай-ақ Бурабай курорттық аймағымен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзал кешенін қайта жаңғырту аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу