Қостанай облысында жоғалған 90 бас жылқының иесі сүйінші хабарға миллион теңге бермекші

946

Қостанай облысында жоғалған 90 бас жылқының иесі сүйінші хабарға миллион теңге бермекші

Жоғалып кеткен бір табын жылқының иесі Сергей Кащенко оның қайда екенін көрген-білгендер болса, сүйіншісіне  1 миллион теңге беруге уәде етті, деп жазады alau.kz.

"Жылқының қайда екенін хабарлаған адамға сыйақысы дайын. Жылқыларымның қайда жасырылғанын айтқан адамға миллион теңге беруге дайынмын", – дейді Сергей Кащенко.

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында 90 бас қылқұйрық ізім-ғайым жоғалып кетті.

"Полицияға арыздандық. Жылқыларда "К" және "12" деген таңба басылған. Іздемеген жерім жоқ, Қорған облысына дейін іздеп келдім. Ұшты-күйлі жоғалды", – дейді мал иесі Сергей Кащенко. Оған келтірілген жалпы шығын 20 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу