"112" қызметінің кезекші пультіне Боровское ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
11 қарашада шамамен сағат 12:00-де үйінен шыққан ер адам қайта оралмаған. Қолында мобильді телефоны болмаған.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ-нің 7 қызметкері, 2 техника және бір ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ 4 қызметтік автокөлігі бар 15 полиция мен 10 ерікті жұмылдырылды.
Бірлескен жұмыстың арқасында зейнеткер Мормышное көлі маңындағы қамыстардың арасынан табылды. Ер адам дереу "103" қызметінің медицина мамандарына тексеріс үшін тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу