Қостанай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

2773

Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қостанай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды Фото: Polisia.kz

17 желтоқсан күні сағат 20:20 шамасында Қостанай – Сарыкөл тас жолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan көлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Lada Granta көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты салдарынан Nissan жолаушысы мен Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп жазды alau.kz.

Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу