Қостанай облысында жол апатынан екі адам мерт болды

498

Бүгін сағат 10:30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолының 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. 

Қостанай облысында жол апатынан екі адам мерт болды

 

Соның салдарынан "Газель" автокөлігімен соқтығысып, кейін екі көлік өртеніп кетті.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

"Газель" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген "Жол ережесін бұзу" әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалады.

"Қостанай облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысын, әсіресе жылдамдық тәртібін сақтау қажеттігі туралы ескертеді!", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу