Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды

468

Қостанай облысында бір апта ішінде 7 мәрте апаттық-құтқару операциясы жүргізіліп, жолда қалған 35 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. 

Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды Фото: instagram qostanai_tjd

Олардың 9-ы бала. Сондай-ақ Аманкелді ауданында мал қарауға шығып адасып кеткен бақташы әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 жастағы азамат Қарасу ауылынан 12 шақырым жерден аман-есен табылды. Жалпы аймақта бір аптадан бері қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауып, ауа райы оң қабақ танытпай тұр. Бүгін аудандық деңгейдегі жолдардың 8 бөлігі жабылды. 11 уақытша блок бекет қойып, 297 адамды паналатуға болатын 18 жылыту орталығы жасақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу