Қостанай облысында полиция қызметкерлері Федоров бағытындағы автожолда патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында тіркемесі бар жүк көлігін жүргізуші куәлігінсіз азаматтың басқарғаны белгілі болды. Сондай-ақ оны рейске жіберген жұмыс беруші де анықталды. Осыған байланысты ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.
Полиция мұндай заң бұзушылықтардың жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертті. Тіркемесі бар жүк көлігін басқару үшін тиісті жүргізуші куәлігі мен кәсіби дайындықтың болуы міндетті.