Алайда, жануарлармен соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан пойыз үш жылқыны қағып кетті. Осыдан соң пойыз 24 минут тұрақтаған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жылқылардың иесі анықталды. Ол Қостанай облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кету керек, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пойыздардың шұғыл тежелуінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ға төмендеді", – деді Д.Молдаханов.