Қостанай облысында жылқы тиелген КамАЗ көлігі төрт күннен бері қар құрсауынан шыға алмай тұр

957

Қостанай облысында жылқы тиелген КамАЗ көлігі төрт күннен бері қар құрсауынан шыға алмай тұр

19 желтоқсанда Қарасу ауданының Ушаков ауылына жақын маңда  "Жолдома-Әулиекөл" күрежолынан 12 шақырымдай жерде  26 бас жылқы тиелген КамАЗ көлігі  қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметін сілтеме жасаған alau.kz.

Қазіргі таңда қарға батқан фураларды жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігіне отырған Солтүстік ААОҚО қызметкерлері күзетіп отыр. Оларға көмекке жеткен құтқарушылар КамАЗ жүргізушілеріне жақын жерде орналасқан Ушаков елдімекеніне баруды ұсынғанымен, олар бас тартты.

Құтқарушылар мен Ушаков ауылдық округінің әкімдігі, жергілікті кәсіпкерлер қарда қалғандарға азық-түлік, ыстық шай, малға жем-шөп жеткізіп берді.

Қазір қар тазалаушы техниканың көмегімен аталмыш жол учаскесі мен "Жолдома-Әулиекөл" облыстық күрежолына дейінгі аумақ қардан аршылды, алайда  көліктер тұрған орнынан өз бетінше жылжи алмай қалды. Оларды сүйреп шығару үшін ауыр техниканың көмегі қажет.

Қазір КамАЗ-дар тұрған тұсқа көлікті Жолдома-Әулиекөл жолына сүйреп шығару үшін Ушаков ауылынан "Кировец" тракторы жөнелтілді. Мұнан соң құтқарушылар оларды одан әрі сапарға шығарып салмақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу