Қостанай облысында жылқыларды спутник жүйесімен бағады

961

Қостанай облысында жылқыларды спутник жүйесімен бағады

Қостанай облысында жылқы үйірі спутник жүйесі арқылы бақыланады, деп хабарлайды 24kz.

Цифрландыру жобасы шеңберінде биыл өңірдегі жылқыларға электронды GPS қондырғыларын орнату көзделіп отыр. Бұл біріншіден мал ұрлығының алдын алуға үлкен сеп. Сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. "Электронды эпизоотиялық карта" порталында Қамбар ата тұқымының әрқайсына қатысты мәлімет базасы құрылады. GPS қондырғысын мал иелері өздері сатып алуға тиісті. Бағасы шамамен 70-80 мың теңге. Ал аймақтық ветеринария басқармасы болса, бұл мақсатқа Үкімет субсидия бөлсе деген ұсыныс білдіріп отыр. 

"Жер серігі арқылы бақылайтын электронды чиптер үйірді бастап жүретін айғырларға орнатылады. Бізге бүгінде екі мыңнан астам құрылғыға тапсырыс келіп түсті. Жылқы иелері қызығушылық танытып отыр. Жобаны  жыл аяғына дейін сәтті жүзеге асырамыз деген ойдамын", – дейді "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ басшысы Берікжан Қайыпбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу