Қостанай облысында жылу трассасы жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

846

Қостанай облысында жылу трассасы жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

Апат Әулиекөл  ауданындағы Әулиекөл ауылында орын алды. Белгілі болғандай жылу трассасында орын алған аварияның салдарынан аудан орталығындағы бірнеше нысан жылусыз қалып отыр, деп жазады аlau.kz.

Әулиекөл ауданы әкімдігінің ТКШ бөлімі жетекшісі Болатхан Қуанышбаевтың айтуынша, ақау бүгін таңертең анықталыпты.

"Диаметрі 89 құбыр жарылды.  Өн бойындағы жарықтың ұзындығы бес сантиметр.  Дәнекерлеу жұмысын жүргізу үшін ыстық суды сарқуға тура келді.  Суды тоқтатқан соң,  бригада жұмысқа кірісті.  Екі қабатты бір тұрғын үй жылусыз қалды. Бұл үйде төрт пәтер бар. Сондай-ақ тағы бір дүкен мен әлеуметтік қорғау мекемесінің ғимараты жылусыз отыр.  Әрине, өте суық. Қазір -22 градус, әйтсе де  желдің әсерінен одан да қатты суық сияқты сезіледі.  Жұмысты жылдам аяқтауға тырыстық", – деп мәлім етті Болатхан Қуанышбаев.

Бөлім жетекшісінің айтуынша,  дәнекерлеу жұмыстары аяқталған.  Мамандар әне-міне дегенше ыстық суды жібермекші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу