Қостанай облысында жылына 45 мың тонна өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылады

1269

Қостанай облысында жылына 45 мың тонна өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылады

Қостанай облысы Федоров ауданының Копыченка ауылында жылына 45 мың тонна өсімдік майын шығаратын зауыт пайдалануға беріледі, деп хабарлады "Қостанай таңы" газеті.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданға жасаған сапарында құрлысы аяқталуға таяу кәсіпорын жұмысымен танысты. Сондай-ақ, баспаналы болған еңбек майталмандарына жаңа пәтерлердің кілтін өз қолымен табыстады.
Копыченка аулындағы бұл май зауыты 2011 жылы ашылған. Жергілікті шикізаттан табиғи таза өнім шығарады. Өндіріс толық автоматтандырылған, сондықтан қолмен атқарылатын жұмыс аз. Кәсіпорында барлығы 7 адам еңбек етеді.

"Салқын күйде сығымдау арқылы май шығарамыз. Жылына 2 мың тонна. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанға жібереміз. Қытайға шығу жоспарда бар. Оны уақыт көрсетеді,  – дейді шаруашылық құрылтайшысы Мұхамбетжан Ақұлов.

Сұраныс бар, шикізат жеткілікті. Сондықтан кәсіпорын өндіріс аясын кеңейтуді қолға алды. Биыл құны 900 млн теңге тұратын жаңа нысанның құрлысы басталған. Қазір жабдықтарды монтаждау жұмысы жүріп жатыр. Жаңа нысанның қуаты жылына 45 мың тонна шикізат өңдеуге жетеді. Ендігі меже экспортты еселеу. Бүгін зауыттағы жұмыс барысымен танысқан аймақ басшысы осыны тапсырды.

Экспортқа шығару керек. Біз жақында Өзбекстанға барамыз. Қандай ұсыныс бар, соны айтыңдар. Кәсіп аясын кеңейтіп, пайда түсіру қажет, - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу