Қостанай облысындағы 4 мектепке Абайдың, бесеуіне Алаш зиялыларының есімі берілді

1042

Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы шықты. 

Қостанай облысындағы 4 мектепке Абайдың, бесеуіне Алаш зиялыларының есімі берілді

Қостанай облысының 4 мектебіне Абай Құнанбаевтың, ал 5 білім ордасына Алаш зиялыларының есімі берілді, деп жазады inbusiness.kz Үкімет қаулысына сілтеме жасап. 

Қаулыға сәйкес, Қостанай қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектепке, Жітіқара ауданындағы №3 мектеп-лицейіне, Лисаков қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектепке, Рудный қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектепке Абай есімі берілді. Қостанай қаласының №29 жалпы білім беретін мектебі Әлихан Бөкейханның, ал Рудный қаласының №19 жалпы білім беретін мектебі Ахмет Байтұрсынұлының, Рудный қаласындағы №15 жалпы білім беретін мектеп Міржақып Дулатұлының атымен аталды. 

Бұдан бөлек Амангелді ауданындағы Н. Крупская атындағы орта мектеп "Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектеп", Арқалық қаласындағы Родина мектебі "Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп", Рудный қаласындағы № 2 Қашар жалпы білім беретін мектебі "Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп", Қарасу ауданындағы қазақ тілінде білім беретін мектеп "Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп" болып өзгертілді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу