Қостанай облысындағы агрокомпания қоймасында 20 тонна шемішке өртеніп кетті

301

Бұл туралы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. 

Қостанай облысындағы агрокомпания қоймасында 20 тонна шемішке өртеніп кетті Фото: inbusiness.kz

2 желтоқсан күні Пешковка ауылы "Трояна" ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметтер бойынша, 200 шаршы метр аумақты қамтыған бөлек астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кетті.

"Өрт 7.30 шамасында толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – технологиялық процестің бұзылуы", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу