Қостанай облысындағы алапат орман өртіне трактор айдаушы кінәлі

451

Қостанай облысында ірі көлемде болған алапат өртке трактор жүргізушісі кінәлі болып шықты. 

Қостанай облысындағы алапат орман өртіне трактор айдаушы кінәлі Фото: Azattyq.org

Әулиекөл аудандық соты 44 жастағы Александр Рапейкоға қатысты үкім шығарды. Ол тізгіндеген "МТЗ" тракторының ұшқын сөндіргіші болмаған. Салдарынан қурап тұрған шөпке от тиіп, айналаға лезде тарапты. Ол орман өрті қаупіздігін ескермеген. 

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Оған келтірілген шығынды өтеу міндеттелген жоқ. Ал, Басаман орман шаруашылығының директорына қатысты іс әлі сотта қаралып жатыр. Қазір ол уақытша тергеу абақтысында. 

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте Әулиекөл ауданындағы 40 мың гектардай қайың мен қарағай, 91 баспана өртеніп, мемлекетке 18 миллиард теңге шығын келген болатын. 

"ҚР Қылмыстық кодекстің 58-бабы 2-тармағын пайдалана отырып азаматқа қатысты іс бойынша бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 63-бапты қолдана отырып қабылданған жаза шартты түрде деп қабылданды. Іс бойынша азаматтық талап қойылған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді", деді Облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы Ләззат Байғожина. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу