Қостанай облысындағы ауруханалар қарыздың астында қалды

397

Денсаулық сақтау басқармасы кредиторлық қарыз мөлшері өсуі мүмкін екенін жасырмады.  

Қостанай облысындағы ауруханалар қарыздың астында қалды Фото: www.ng.kz

Қостанай облысындағы ауруханалардың кредиторлық берешегі 3,6 млрд теңгеге жетті, деп жазады inbusiness.kz www.ng.kz порталына сілтеме жасап.

"Облыстық мәслихат сессиясының шешімі бойынша 728 млн теңге алдық. Бұл қаражат 2022 жылғы "СК-Фармация" ЖШС алдындағы дәрілік препараттар үшін, басқа жеткізушілердің бір бөлігі алдындағы кредиторлық берешекті өтеуге жұмсалды. Биылғы қазанда сессия өтіп, депутаттар 200 млн теңге сомасына өтінімімізді қолдады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.

Ол жылу беру маусымының басталуымен берешек мөлшері артуы мүмкін екенін жеткізді. Данияр Жандаевтың сөзінше, медициналық ұйымдар тұрғындарды ескі тарифтер бойынша емдеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу