Әлеуметтік желіде диірмен қызметкерлерінің қазасы туралы ақпарат тарады. Төрт адамның биіктіктен құлағаны хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға 6 қазанда болған. 112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласында 5 метр тереңдіктегі бункерді тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 4 адам төмен түсіп, су бетіне шықпай жатқаны туралы хабарлама түсті.
— Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарды. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Бұл фактіні прокуратура растап, полиция тергеу жүргізіп жатқанын айтты.