Қостанай облысындағы Наурызым қорығының аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді

545

Қатты желдің салдарынан орманның төменгі бөлігі жалындап жанды. 

Қостанай облысындағы Наурызым қорығының аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді Фото: inbusiness.kz

21 тамызда Қостанай облысының Наурызым ауданында Қарамеңді ауылынан 10 км жердегі Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді.

Осы қорықтың аумағындағы өрттің тағы бір ошағы сағат 16.57-де Шолақсай ауылынан 15 км жерде шықты. Бұл жерде көл ішінде өсіп тұрған аумағы 10 га құрғақ шөп жанды.

Үшінші ошақ Қарамайшы бөлімшесінен 20 км қашықтықта анықталды. Қорық аумағында құрғақ шөптер мен орман алқаптары өртенді.

Өртті сөндіруге Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының, "Қазавиаорманкүзеті", Қостанай облысы ТЖД, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

  • Бишағаш орман шаруашылығы аумағында Қараменді ауылының маңындағы өртті сөндіруге 74 адам, 26 бірлік техника және 1 бірлік тікұшақ жұмылдырылды.
  • Қарамайшы бөлімшесінің жанындағы өртті сөндіруге 11 адам, 3 бірлік техника жұмылдырылды.
  • Шолақсай ауылынан 15 шақырым жердегі өртті сөндіруге 18 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Сағат 22:00-де Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының ТЖД қосымша 115 адам және 23 техника тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу