Қостанай облысындағы орман өрті ауыздықталды – ТЖМ

986

Жедел штаб өз жұмысын аяқтады. 

Қостанай облысындағы орман өрті ауыздықталды – ТЖМ

2022 жылғы 10 қыркүйекте сағат 10:00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті ауыздықталды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кету керек, өрт 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында басталған болатын.

ТЖМ хабарламасына сәйкес, шыққан өрттің жалпы ауданы 43 мың гектарды құраған. Екі елдімекендегі 91 тұрғын үй отқа оранған. Өрт басталған бері барлығы 2 091 адам эвакуацияланған. 

Өрт кезінде 12 адамда жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану болған. 3 зардап шегуші Әулиекөл аудандық ауруханасында жатыр.

Аманқарағай ауылындағы үйінділерді тазарту кезінде 1935 жылы туған азаматтың мәйіті табылған.

ТЖМ жедел желісіне 38 қоңырау келіп түсті. 87 азаматқа консультациялық-психологиялық көмек көрсетіліп, 45 баламен топтық психологиялық жұмыс жүргізілді. 

Тікұшақтар әуеден 327 рет су шашты. 

Өртті сөндіруге 207 бірлік техника, 1 785 адам жұмылдырылған.

Оқиға орнында Басаман және Семиозерный орман шаруашылықтарының 73 қызметкері мен 21 бірлік техника қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу