Сот мекеме басшысын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қостанай облысының прокуратурасымен а.ж. 13 қыркүйегінде "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы). Сол күні мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. А.ж. 15 қыркүйегінде сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді", – деп жазылған хабарламада.
Тергеу жалғасуда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілген жоқ.