Қостанай облысындағы өрт: Орман шаруашылығының директорына қатысты сот басталды

574

Қостанай сотында Басаман орман шаруашылығы басшысының ісі қаралып жатыр.  

Қостанай облысындағы өрт: Орман шаруашылығының директорына қатысты сот басталды Фото: tobolinfo.kz

Асғат Жақашевке лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айып тағылды, деп жазады Inbusiness.kz tobolinfo.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 2 мамыр күні негізгі сот талқылауы басталды. Айыптау тарабының сөзінше, облыстағы орман өрттері сотталушы Асғат Жақашевтің сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасауынан болған.

“Сотталушы 2019 жылғы 25 желтоқсанда Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы болып тағайындалды. Сол уақыттан бастап Жақашев жеке пайда табу мақсатында өрт қаупі бар кезеңде орманда ағаш кесуге жағдай жасады. Жақашев жұмыс істеген уақыт ішінде оның Kaspi-дегі жеке шотына 15 млн теңге түсті. Ормандарды заңсыз кесуден мемлекетке келтірілген жалпы шығын 505 текше метрді құрады, бұл 4 млн 324 мың 956 теңгеге тең”, - деді прокурор Таңат Тасов.

Бұдан бөлек Әулиекөл аудандық сотының 44 жастағы тракторшы Александр Рапейкоға қатысты бұрын шығарылған үкімі айыптаудың негізіне алынды. Прокуратураның мәліметінше, бұл екі іс бір-бірімен байланысты.

Адвокаттар айыптау тарабының нұсқасымен келіспеді. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Сот процесі жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу