Қостанай облысына қарасты Амангелді ауылындағы "Амангелді" туристік кешенінде марқұм Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Былтыр Қостанай облысындағы пантеонда Салтанат Нүкенованың аты жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Белгілі инженер-құрылысшы, ҚазҚСР еңбегін сіңірген құрылысшы, меценат Сапар Ысқақов негізін қалаған "Амангелді" туристік кешені Амангелді ауылында орналасқан. Мұнда мемориалды қабырға мен пантеон орналасқан.
Тақтайшаның алынып тасталғанын қоғам белсендісі Вадим Курамшин айтты. Ол таяуда пантеонға бұл тақтайшаның орнатылғанын сынға алғып, желіде жазба қалдырған. Вадим Курамшиннің сөзінше, кейін оған жергілікті билік өкілдері хабарласып, тақтайшаның алынып тасталғанын мәлімдепті.