Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден 150 тұрғын құтқарылды

631

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден 150 тұрғын құтқарылды Фото: видеодан алынған кадр

Қостанай облысында су басқан аймақтардан 150-ден астам тұрғын тікұшақ арқылы құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар", – делінген хабарламада. 

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу