Қостанай облысындағы су қоймалары күрделі жөндеуді қажет етеді

3539

Қостанай облысындағы алты қоймада 1 млрд 431 миллион текше метр су қоры бар.

Қостанай облысындағы су қоймалары күрделі жөндеуді қажет етеді

Қостанай облысында алты су қоймасы бар. Оның бірі алпыс жыл бұрын салынса, кейінгілерінің іске қосылғанына да ширек ғасырдан асқан, олардың барлығы жөнді жөндеу көрмеген , деп хабарлайды 24.kz.

Қостанай облысындағы алты қоймада 1 млрд 431 миллион текше метр су қоры бар. Оның негізгі бөлігі Қаратомар және Жоғары Тобыл су қоймаларында. Жиналған көлем өңірдің тұрмыстық және өндірістік қажеттілігін өтеуге жетеді.

Талап бойынша пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан су қоймаларында жылына бір рет көп салалы зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Әсіресе Қостанай қаласын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған "Аманкелді" су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді.

"Қойманың темір қақпақтарын жылда тоттан тазартамыз. Алайда жарты ғасыр бұрын салынған қақпақтар әбден жұқарып, ескірген. Майысқан тұстары да бар. Сондықтан төтенше жағдай туындау қаупін жоққа шығаруға болмайды", - дейді өндірістік учаске басшысы Александр Здерев.

"Аманкелді" су қоймасын қайта жаңарту және оны пайдалану қауіпсіздігін арттыру мақсатында жұмыс жобасы әзірленген болатын. Бұл жұмыс жоба 2016 жылы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оның оң қорытындысын алды. Енді келесі жылы толығымен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуге тиісті. Оның сметалық құны 253 миллион 710 мың тенгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу