Қостанай облысындағы тасжолдар мобильді интернетпен қамтылады

146

Жобаны инвестор тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Қостанай облысындағы тасжолдар мобильді интернетпен қамтылады  Фото: ru.wikipedia.org

Осыған байланысты ҚР Үкіметі мен Транстелеком компаниясы арасында инвестициялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, еліміздегі республикалық және облыстық автомобиль жолдарын радиодабылмен қамту және телекоммуникациялық инфрақұрылым салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылады. Жоба аясында Қостанай облысында республикалық трассалар бойында антенна-діңгек құрылыстарын салуға арналған жеті нүкте айқындалған.

Атап айтқанда:

– Арқалық қаласында – 1 нүкте;
– Жітіқара ауданында – 1;
– Алтынсарин ауданында – 2;
– Сарыкөл ауданында – 1;
– Денисов ауданында 2 нүктеде орналастыру жоспарланған.

Барлық аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға оң сараптама қорытындысы алынған. Сонымен қатар олар жекешелендіру тізіміне енгізіліп, бағалау жұмыстары жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу