Қостанай облысының 7 ауданында бруцеллез анықталды

14 жасқа дейінгі 5 бала аталған ауруды жұқтырған.  

Қостанай облысының 7 ауданында бруцеллез анықталды

Жыл басынан бері Қостанай облысында бруцеллезді жұқтырудың 32 жағдайы тіркелсе, оның 5-і 14 жасқа дейінгі балаларда тіркелді. 

Қостанай облысының 7 ауданында бруцеллез анықталды. Ауру жұқтырғандардың көбі Әулиекөл ауданында тұрады. 

"Бруцеллезбен ауырған 32 жағдай 7 ауданында бруцеллез анықталды тіркелсе, оның 5 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Ауруды жұқтыру жағдайлары келесі елді мекендерде тіркелді: Әулиекөл ауданында – 20 жағдай, Қостанай ауданында – 3, Федоров ауданында – 3, Науырзым ауданында – 2, Қарасу ауданында – 2, Қарабалық ауданында – 1, Сарыкөл ауданында – 1", – деп хабарлады Қостанай облысындағы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Мамандардың айтуынша, бруцеллез ауруы дене қызуының көтерілуімен, тамыр, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе, тірек-қимыл аппаратының зақымдануымен жүретін жұқпалы ауру.

"Адамдарға бруцеллез ұсақ және ірі малдан жұғады. Әсіресе, ауру мал төлдеу кезеңінде қауіпті. Микробтар ауру малдың сүтімен, зәрімен, нәжісімен де сыртқы ортаға таралады. Бруцеллез ауруының алдын алу үшін жыл сайын көктем-күз айларында малды бруцеллезге тексеруден өткізу қажет", – деп нақтылады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу