Қостанай облысының АӘК алушы тұрғыны өз ісін ашты

1000

Жанар Куженова АӘК тағайындаудан түскен қаражатқа аудан орталығының шетінен шағын сұлулық студиясын жалға алды.

Қостанай облысының АӘК алушы тұрғыны өз ісін ашты

Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) алатын Қостанай облысындағы көпбалалы ана жеке ісін ашты, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жанардың ойынша, жеке кәсіппен айналысу мемлекеттен үнемі әлеуметтік көмек алғаннан гөрі жақсы.

"Менің төрт балам бар. Кенже қызым 2,5 жаста. Менің күйеуім құрылысшы болып жұмыс істеді, оның жалақысы бізге жетпеді, әсіресе қыста жұмыс болмады. Сондықтан мен АӘК тағайындау үшін құжаттар жинай бастадым. Кейін мен "Бастау Бизнес" жобасы туралы білдім және қысқа мерзімді курстарда кәсіпкерлік негіздеріне оқыдым.  26 маусымда менде пермаментті макияж қызметін ұсыну үшін жеке бизнесімді ашу үшін грант алу мүмкіндігі пайда болды. "Sen – Sulu" сұлулық студиясын аштым.  Мен ауылдастарымның жылы пікірлеріне өте қуаныштымын, менің студиям туралы ауызша жарнаманы көрші Камышинское, Аятское ауылдарының әйелдері естіп, келе бастады. Күн сайын  7-8 клиентке қызмет көрсетемін. Әр әйел, кез-келген жаста, сұлу болғысы келеді!", – дейді Жанар Куженова.

Қостанай облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Лидия Цымбал 2019 жылдың бірінші тоқсанында Жанар Куженова 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болғанын айтты. Жұбайы жеке тұлғаларда бейресми жұмыс істеді.

"Отбасының табысы кедейлік шегінен төмен болды (бір адамға жан басына шаққандағы орташа табысы 8772 теңге), сондықтан 2019 жылдың сәуірінен бастап отбасына ай сайын 110 мың 157 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, жалпы сомасы 1 млн. 321 мың 884 теңге. Ағымдағы жылдың сәуір айында отағасын "Строй мастер" ЖК-ге әр түрлі жұмыстарды орындайтын жұмысшы қызметіне тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндігі туды", – деп еске алады Лидия Цымбал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу