Қостанай облысының әкімдігі Президент резиденциясын пайдалануға қатысты ұсынымдар әзірлейді

427

Осыған дейін бірнеше қаладағы Президент резиденциясы балалар игілігіне берілетіні жөнінде ақпарат таралған болатын. 

Қостанай облысының әкімдігі Президент резиденциясын пайдалануға қатысты ұсынымдар әзірлейді Фото: top-news.kz

Қостанай облысының әкімдігі бір ай ішінде Президент резиденциясын пайдалануға қатысты ұсынымдар шығарады, деп жазады inbusiness.kz topnews.kz порталына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұрын лауазымды тұлғаларға арналған Амангелді тұрғын массивіндегі кешен балаларға арналған әлеуметтік нысан болып қайта құрылмақ.

Облыс әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы құрылған жұмыс тобы бір ай ішінде резиденцияны одан әрі пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлейді.

"Негізгі мақсат – бұл нысанды балалардың әлеуметтік қажеттіліктеріне қарай бейімдеу", - деп атап өтті облыстық әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу