Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданы Заречный ауылындағы "Солтүстік" шағын ауданында салынған екі жаңа үйдің тұрғындарына пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды baq.kz.
Заречный ауылындағы "Солтүстік" шағын ауданында 48 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отырғанын айта кеткен жөн.
"20 жаңа қоныстанушыға пәтерлердің кілттерін табыстап отырмыз. Сонымен қатар жақын арада тағы 76 отбасы жаңа үйде қоныс тойын тойламақ. Мемлекет басшысының халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын біз уақтылы орындауға күш салмақпыз. Қазір Қостанай ауданының көптеген тұрғынында жинаған қаражаты бар. Олардың "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы пәтер алуға мүмкіндігі мол. Бұл үйлерде мемлекеттік қызметшілер, әлеуметтік сала мамандары мен өзге де азаматтар тұрады", – дейді Архимед Мұхамбетов.
Биыл осы шағын ауданда тағы да 9 көпқабатты тұрғын үй құрылысы түседі деп жоспарланып отыр.